Begim-ai Рус WhatsApp

ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

«Begim-ai» бөбекжайы

Балаңыздың бақытты балалық шағы біздің басты құндылығымыз!

Біз әр баланың жан-жақты дамуына, қауіпсіздігіне және бақытты балалық шақ өткізуіне қолайлы орта қалыптастырамыз

Суреттер

Ұлттық киім киген балалар дастарқан басында
Балшықтан бұйым жасап отырған қыз бала
Күліп отырған бүлдіршіндер
Қарбыз мерекесіндегі балалар
Бітіру кешіндегі балалар мен тәрбиеші
Ата мен әже маскасын киген балалар
Үстел басында ойнап отырған бала
Бассейндегі кішкентай қыз
Күзгі жапырақты бояп отырған қыз бала

Қосымша сабақтар

Жарық сынып, үстелдегі қарындаштар мен кітап

Ағылшын тілі сабағы

«Begim-ai» бөбекжайында ағылшын тілін үйрену бойынша қосымша сабақтар өткізіледі. Бұл балалардың ерте жастан бастап тілдік дағдыларын дамытуға ықпал етеді

Дене шынықтыру сабағындағы балалар

Емдік дене шынықтыру сабақтары

«Begim-ai» бөбекжайында балалардың денсаулығын нығайту, дене қимылдарын дамыту және дұрыс дене қалпын қалыптастыру мақсатында емдік дене шынықтыру сабақтары өткізіледі

Жарық сынып бөлмесі

Баланың дамуына қолайлы орта

«Begim-ai» бөбекжайы негізгі тәрбие мен білім беру бағдарламасынан бөлек, балалардың жан-жақты әрі үйлесімді дамуына бағытталған қосымша мүмкіндіктер ұсынады

Балалар қауіпсіздігі басты назарда

Бейнебақылау

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бөбекжайда бейнебақылау жүйесі орнатылған

Қауіпсіз ойын алаңдары

Ойын алаңдары балалардың қауіпсіздігіне қойылатын барлық талаптарды ескере отырып жабдықталған

Кіруді бақылау

Балалардың, қызметкерлердің және келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бөбекжайға кіру қатаң бақылауға алынған

Білікті қызметкерлер

Бөбекжай қажетті тексерулерден өткен, тиісті біліктілігі бар мамандар ғана жұмыс істейді

Қауіпсіздікті жүйелі тексеру

Бөбекжайда ықтимал қауіптердің алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде қауіпсіздік тексерулері жүргізіледі

Хабарлау жүйесі

Төтенше жағдайлар туындаған кезде ықтимал қауіптерге жедел әрекет ету үшін бөбекжайда арнайы хабарлау жүйесі жұмыс істейді

«Begim-ai» бөбекжайының ұжымы

Әр балаға қамқорлық пен мейірім көрсететін тәжірибелі тәрбиешілер мен білікті мамандар. Біздің ұжым балалармен жұмыс істеуде кәсіби шеберлігімен және мол тәжірибесімен ерекшеленеді

Тұрысбек Арайлым Жасымбекқызы

Тұрысбек Арайлым Жасымбекқызы

Әр бала біз үшін баға жетпес қазына. Менің басты мақсатым: әрбір бүлдіршін өзін бақытты, қауіпсіз әрі сүйікті сезінетін орта қалыптастыру

Убиева Сырга Уразгалиевна

Убиева Сырга Уразгалиевна

Әр баланың күлкісі мен үшін үлкен бақыт. Олардың қуанышы мен жетістігі мені күн сайын шабыттандырады

Саликбаева Раушан Сиражадиновна

Саликбаева Раушан Сиражадиновна

Әр баланың бойында ерекше қабілет бар. Менің мақсатым: сол қабілетті ашуға көмектесу

Мамутова Гулзия Толесиновна

Мамутова Гулзия Толесиновна

Балалардың қиялы шексіз. Мен олардың шығармашылығын дамытып, жаңа дүниелерді тануына көмектескенді ұнатамын

Утегенова Дарибике Раметовна

Утегенова Дарибике Раметовна

Баланың әрбір кішкентай жетістігі үлкен жеңіске бастайтын қадам. Мен сол қадамдардың куәсі болғаныма қуаныштымын

Набиева Айнур Мурадовна

Набиева Айнур Мурадовна

Бүгінгі берген тәрбиеміз ертеңгі жарқын болашақтың негізі. Әр баланың өзіне сенімді болып өсуіне үлес қосқым келеді

Ходжабердиева Лаура Едилбекқызы

Ходжабердиева Лаура Едилбекқызы

Баланың жүрегіне жол табудың ең жақсы тәсілі: шынайы мейірім, түсіністік пен жылы сөз

Бөбекжайда мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру

«Begim-ai» бөбекжайында әрбір мерекеге ерекше көңіл бөліп, балалардың уақытын көңілді әрі қуанышты өткізуі үшін сиқырлы мерекелік атмосфера қалыптастырамыз

Лимон party
Лимон party 🍋
Біз кішкентай аспаздармыз!
Біз кішкентай аспаздармыз! 👩‍🍳👨‍🍳
Күзгі ертегі
Күзгі ертегі 🍂🍁
Асқабақ party
Асқабақ party 🎃
Көбік party
Көбік party 🫧🎉
Жүгері party
Жүгері party 🌽

Ата-аналардың пікірлері

«Begim-ai» бөбекжайы туралы ата-аналардың пікірлерімен танысыңыз. Жайлы жағдайлар, бес мезгіл тамақтану, қосымша сабақтар және білікті мамандар туралы ата-аналардың ой-пікірлерін оқыңыз

Балалар суреті мен қарындаштар
4.9★★★★★2GIS
М М02.10.2026
★★★★★

Бегімай балабақшасы өте жақсы. Балам жыламай, таңертең қуана барады. Ол тәрбиешісі Айгүл апайдың арқасы. Айгүл апайымыз өте жайлы, мейірімді, балаға деген ықыласы ерекше. Айгүл апайға ерекше алғыс білдіремін! Еңбегіңіз елене берсін!🥰😘💐❤️

Сагынай Бисембаева02.10.2026
★★★★★

Рахмет осы балабакшага балам барады апайлары да жаксы тез уйренип кеттик Айгул апайына Рахмет Кунде ар турли сабак кызыкты ойын дар болады 👍👍👍👍

Маденова Асемай02.10.2026
★★★★★

Бегім Ай балабақшасына үлкен алғысымызды білдіреміз! ❤️ Қызымыздың әр күні қызықты әрі көңілді өтіп жатқанына қуаныштымыз. Әсіресе, тәрбиешіміз Айгүл апайға ерекше рақмет! 🌷 Әр күн сайын балаларға әртүрлі қызықты сабақтар өткізіп, көңіл бөліп, мейіріммен қарайды. Балаларға деген махаббаты мен еңбегі бірден байқалады 🥰

Айдана Куанышова02.10.2026
★★★★★

Балабақшаға көңіліміз толады ❤️ Екі қызым да осы балабақшаға барады. Тәрбиешілері өте жақсы, балаларға жылы қарап, әрқайсысына көңіл бөледі. Қыздарым балабақшаға қуанып барады, бұл біз үшін ең маңыздысы. Осындай жақсы орта қалыптастырып отырған тәрбиешілерге көп рақмет! Еңбектеріңіз жана берсін! 🌷 Айгүл апайымызға ерекше алғыс айтқым келеді! ❤️ Екі қызымды да балабақшаға алаңдамай сеніп тапсырамын. Қыздарыма деген мейірімі, қамқорлығы бірден байқалады. Үйге келгенде балабақшадағы қызықтарын айтып, қуанып жүреді 🥰 Балаларға осындай жылулық сыйлап жүргеніңіз үшін көп рақмет, Айгүл апай! Еңбегіңіз бағаланып, әрдайым алғысқа бөлене беріңіз! 🌷

Lazzat Tokbaeva02.10.2026
★★★★★

Балабақшаға өте ризамыз! 🌷 Тәрбиешілері мейірімді, балаларға көңіл бөліп, әрқайсысына ерекше қамқорлықпен қарайды. Баламыз балабақшаға қуана барып, жақсы көңіл-күймен қайтады. Тазалығы, тәртібі, тамағы және балаларға жасалған жағдайы көңілімізден шығады. Ең бастысы, бала өзін қауіпсіз әрі жайлы сезінеді, біздің де жүрегіміз тыныш. Барлық тәрбиешілер мен қызметкерлерге еңбектері үшін үлкен рақмет! Айгүл апайымыздың еңбегіне ерекше алғыс айтамыз❤️ Осындай керемет ұжымға тек сәттілік тілейміз🎉🎉🎉

Zh B16.01.2026
★★★★☆

Жақсы балабақша, бірақ балам осыған барған сайын ауырып қала берді, шығарып алдық. Тазалық, УК лампа, кварц қоспайтын сияқты. Администратор адаммен қарым-қатынасы онша емес

Yussuf Nursultan09.09.2025
★★★★★

Өте керемет балабақша

Лаура Сисеналиева09.09.2025
★★★★★

Хороший садик !!!моя дочка ходит туда 2,5 года,ходит с радостью 🙃администратор Раушан очень отзывчивая девушка ,и воспитатели 👍👍👍

Aselya Baizulina09.09.2025
★★★★★

Очень хороший садик! Можно не беспокоиться и доверить им детей) дети ходят в младшую и среднюю группу, проводятся оздоровительные и учебные занятия. Фото и видео отчеты получаю регулярно ❤️

Aigerim Musahanova09.09.2025
★★★★★

Бегімай садигіне көп көп ркхмет❤️ Тәрбиешілері өте жақсы , жылы жүзді жандар😍 қашан көрсең баланы күліп қарсы алып, шығарып салады 🥰 Админі де күшті, әрдайым көмектесіп отырады барлық жағынан👍 Баланы бергеннен кейін Результат болғаны қуантады ❤️

Gylshara Bokai09.09.2025
★★★★★

Балабақша барлық тәр­бие мен білімнің ең алғаш­қы баспалдағы іспеттес. Мұн­­­дағы тәрбие мен білім ба­ла­­лар­дың табиғи мінезін, қа­бі­летін ерте жастан дамытады. БЕГІМАЙ балабақшасындағы Тәрбиеші апайларына рахмет таңнан кешкедеиін бірнеше баланы қарап,бағып ата-анасына аман есен тапсырғанша осы балдардың жанында көзден таса қылмай отқан. Әр үйдің еркесі неше түрлі мінезді бөбектерді тәрбиелеп бір тәртіпке үйретіп ,жағдайларын жасап уақытылы тамақтақ отқан сіздерге рахмет

Dinara Bapayeva09.09.2025
★★★★★

Наш второй дом, любимый садик деток, нам очень нравится, индивидуальное отношение, подход к каждому ребенку и родителю

Nasibet Zheksembaeva09.09.2025
★★★★★

Бірінші күннен бастап балаларым күшті болып қалды. Екі балам да осы садикке барады. Басқа садиктен ауысып келгенімізге өкінбеймін. Видео-отчет күнде жіберіп отырады тәрбиешілермен нянкалары супер👍

М Е17.06.2025
★★★★★

Спасибо за супер садик!!!

Гулнур Отарбаева15.05.2025
★★★★★

Оте керемет Садик 😍2 балапаным барады балдарыма катты унады.Тарбиешилер оте билимди, балдарга деген мейирими оте жогары, баламен сойлесуи👍еркелетип алып калад , ен бастысы балдарга унайды. Тамак жагына оте дямди деп балдарым мяз болп келед, апайлары фото жибергенде де байкап отырамз тойымды тамактары. Казир актау каласынан жекеменшик садик табу оте киын. Оз басым барин тексерген Анамын, жанеде осы садикти усынамын. Унаганнан 3 ши баламдыда берейндеп отврм🙌Рахмет коп Бегим ай Садик ужымына мвн алгыс🙌

Ykylas Kosmaganbetov06.01.2025
★★★★★

Садиктері өте жақсы👍👍👍👍👍

Aliya Rametova06.01.2025
★★★★★

Садик өте жақсы әсересе үлкен топ апайлары керемет.Тәртібіне де аса назар аударады.Бегім ай садигі өте жақсы.Апайлары тәжірибелі, білікті маман екені көрініп тұр👍🏼

Катира Бегалиева16.10.2024
★★★★★

Спасибо нашему садику! У нас отличный воспитатель, ребенок посещает сад с удовольствием, проводятся разные тематические уроки для познания окружающей среды и всестороннего развития ребенка🫶 Всё по питанию и нормам соблюдено 🙌

Оооо Өөөө12.10.2024
★★★★★

Өте жақсы садик. Жатын бөлмесі уютный ,игровойда балаға ыңғайлы

✅ ✅17.09.2024
★★★★★

Садик жаксы👍🏻

Лира Жумакан27.02.2024
★★★★★

Самый лучший садик, ходим с самого открытия, очень приятные, трепетные воспитатели❤️❤️❤️

Ляко ////01.09.2023
★★★★★

Бегим Ай садик👍

❤️ ❤️26.07.2023
★★★★★

Отличный детский сад. Воспитательницы очень милые и приятные!

Gulbibi Taspolatova30.03.2023
★★★★★

Самый лучший детский сад!!! Самые лучшие воспитатели!!! 🥰

«Begim-ai» бөбекжайы туралы сұрақ қою

Ақтау қаласындағы «Begim-ai» бөбекжайының жұмысына қатысты өзіңізді қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алыңыз

Ата-ана:Сіздің бөбекжайда балалардың тамақтануы қалай ұйымдастырылған?

Бөбекжай әкімшілігі:«Begim-ai» бөбекжайында балалардың өсіп келе жатқан ағзасының қажеттіліктерін ескере отырып, күніне бес мезгіл тамақтану ұйымдастырылған

Ата-ана:Бөбекжайда қандай қосымша сабақтар өткізіледі?

Бөбекжай әкімшілігі:«Begim-ai» бөбекжайында балалардың жан-жақты дамуына бағытталған екі қосымша сабақ өткізіледі: ағылшын тілі және емдік дене шынықтыру (ЕДШ)

Сізді және балаңызды «Begim-ai» бөбекжайына келіп, танысуға шақырамыз!

Бөбекжайға экскурсияға жазылу үшін арнайы нысанды толтырып, өзіңіздің аты-жөніңізді, балаңыздың есімін, байланыс телефон нөміріңізді және келуге ыңғайлы уақытты көрсетіңіз

Бөбекжаймен танысу экскурсиясына жазылыңыз

Балабақшаның жұмысы және балалардың балабақшада болу жағдайлары туралы толығырақ ақпарат алу үшін өтінім қалдырыңыз

08:00-18:30

Бөбекжайда толық күн болу

Балаңыз таңғы сағат 08:00-ден кешкі 18:30-ға дейін білікті мамандардың бақылауында болады

Қолжетімді әрі қолайлы мекенжай

Мекенжайы: Ақтау қаласы, 17-шағын аудан, 68/2 ғимарат

Мекенжайы: Ақтау қаласы, 17-шағын аудан, 68/2 ғимарат
WhatsApp